Білім беру бағдарламасының мақсаты – болашақ бакалаврларға іргелі білім беру және оларды ауыл шаруашылығы өндірісін оңтайландыру, оның тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдана алатын маман ретінде даярлау. Бағдарлама агрономия саласындағы білімді деректермен жұмыс істеу, жасанды интеллект пен автоматтандыру дағдыларымен ұштастырады.
Бағдарлама агрономиялық білімді цифрлық құралдармен үйлестіре алатын жаңа буын мамандарын даярлауды қамтамасыз етеді. Бұл ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың стратегиялық міндеттеріне және саланың кадрлық қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Цифрлық агрономия қазіргі агроөнеркәсіптік кешеннің сын-қатерлеріне жауап береді, өйткені цифрландыру өндіріс шығындарын азайтуға, қоршаған ортаға әсерді төмендетуге және дәлме-дәл егіншілік, спутниктік мониторинг пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
ОН 1. Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, жаратылыстану және құқықтық білімдердің негіздерін білу және түсіну; қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникация жасай білу.
ОН 2. Зерттелетін салада ғылыми зерттеу әдістерін, жасанды интеллект және академиялық жазу тәсілдерін қолдана алады, академиялық адалдық қағидаларын сақтайды, кәсіби қызметте инклюзивті қағидаларды енгізеді, сондай-ақ дене мәдениетінің практикалық негіздері бойынша білімін көрсетеді.
ОН 3. Қазіргі экономиканың нысандары мен әдістерін, сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттарды сыни бағалау негізінде агроқұрылымдарда өндірістік процесті және адам ресурстарын басқаруды ұйымдастыра алады. Материалдық-техникалық, қаржылық және еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтайды, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, кәсіби міндеттерге қол жеткізу үшін жобаларды жоспарлап, басқара алады.
ОН 4. Агрономия саласында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін жаһандық компьютерлік желілердегі ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді, биология ғылымының негізгі бағыттарын жіктей алады. Кәсіби міндеттерді шешу үшін цифрлық ресурстарды іздеу, талдау және қолдану саласындағы құзыреттерін дамытады.
ОН 5. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ егістіктерді бағалау және дәл егіншілік жүйелерінде өнімділікті болжау үшін биохимиялық көрсеткіштерді талдаумен ұштастыра отырып, биомассаның жиналуына байланысты физиологиялық процестерді зерттейді. Сорттардың генетикалық әлеуетін бағалау әдістерін меңгереді және өсімдіктерді климаттық өзгерістерге бейімдеу үшін цифрлық селекциялық модельдеу тәсілдерін қолданады.
ОН 6. Топырақтардың типтері мен түрлерін тану, олардың құнарлылығын қалпына келтіру тәсілдерін меңгеру, топырақ және агрохимиялық картограммаларды жобалау, сондай-ақ тыңайтқыш мөлшерін есептеу саласында құзыреттерді қалыптастырады. Топырақтарды картографиялау және олардың параметрлерін бағалау үшін GIS технологияларын және қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланады, агрохимиялық көрсеткіштерге талдау жүргізеді және тыңайтқыштарды енгізуді оңтайландырады.
ОН 7. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерін жіктеу, зиянды жәндіктер мен фитопатогендерді анықтау, ауруларды анықтау әдістемелерін қолдану және олардың таралуын цифрлық модельдер арқылы болжау саласында құзыреттерді қалыптастырады. Биологиялық, химиялық және цифрлық әдістерді (GIS, дрондар, жасанды интеллект) қолдану арқылы өсімдіктерді қорғаудың интеграцияланған жүйелерін әзірлеуді меңгереді, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және сараптау дағдыларын игереді, сондай-ақ сапа стандарттары мен сертификаттау рәсімдерін зерттейді.
ОН 8. Агрономиялық міндеттерді шешу үшін цифрлық технологиялар мен бағдарламалауды қолдану саласында құзыреттерді қалыптастырады. Өнімділікті болжау үшін машиналық оқыту модельдерін пайдалануды, ақпараттық жүйелерді жобалауды, деректерді талдау және процестерді автоматтандыру үшін Python тілінде бағдарламалар әзірлеуді (климатты модельдеу, IoT, GIS) меңгереді. IoT және AI шешімдерін интеграциялайды, спектрлік деректерді (NDVI) өңдейді, егістіктерді мониторингтеу үшін мультиспектрлі суреттерді қолданады және өсімдіктердің стресстік жағдайларын болжайды.
ОН 9. Агрономияда заманауи цифрлық технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастырады, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында пайдаланылатын аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмысын баптауды және бақылауды меңгереді. Егіс алқаптарының жағдайына кешенді мониторинг жүргізеді, аэрофототүсірілім жасау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БПЛА) баптайды, агротехникалық операцияларды орындауға арналған автопилоттар мен роботтарды бағдарламалайды, егіс алқаптарының цифрлық карталарын жасау үшін дрондардан алынған деректерді интерпретациялайды. Деректерді бұлттық жүйелерге біріктіреді және дәл егіншілік жүйелерінде GPS пен сенсорлық деректер негізінде техниканың жұмыс режимдерін таңдайды.
ОН 10. Цифрлық жобалардың экономикалық тиімділігін талдайды (KPI, ROI); агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру жобаларын басқаруды жүзеге асырады; IoT және AI технологияларын енгізу үшін бизнес-жоспарлар әзірлейді; орындаушылардың жұмысын ұйымдастырады және басқарушылық шешімдер қабылдайды; ресурстарға қажеттілікті есептейді және технологиялық карталар жасайды; тәуекелдерді бағалайды; автоматтандырылған техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды және жарақаттанудың алдын алу шараларын қамтамасыз етеді.