Шет тілдер (IP)
Білім беру бағдарламасының шифры

6В01702

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Шет тілі (ағылшын)
Дүниежүзілік тарих

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Бірінші және екінші шетел тілінің оқыту әдістемесін меңгерген, шетел тілдерін оқыту технологиялары (STEM, CLIL, жобалық-коммуникативтік тәсіл, сыни ойлауды дамыту технологиясы және т. б.) негізінде оқу процесін ұйымдастыратын өңірлік мектептердің барлық түрлері үшін екі шетел тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау.

Информация

Өзектілігі

«Шетел тілдері» білім беру бағдарламасы– әртүрлі қазақстандық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығымен және халықаралық кеңесшілердің қатысуымен әзірленген, педагогтарды дайындауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы. Бұл білім беру бағдарламасының ерекшелігі – оқу үрдісін құрылымдаудың коммуникативті-контрастивті (салыстырмалы) сипаты, яғни оқушының ана тіліндегі және бірінші шет тіліндегі коммуникативтік дағдыларына, сондай-ақ тілдер аралық деңгейдегі коммуникативтік дағдыларына негізделген. Білім беру бағдарламасы тілдік және мәдени плюрализмді сақтауға, көптілді тұлғаны дамытуға және Қазақстанда көптілділікті қолдауға бағытталған; бітірушілерге кәсіби өсуге қажетті тілдік ресурстарды ұсыну арқылы оларды жаһандық қоғамдастыққа қосылу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

  • Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
  • Инклюзивті білім беру ортасы
  • Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
  • Оқытылатын шетел тілдері теориясының негіздері (лексикология, тіл тарихы)
  • Негізгі шетел тілі
  • Екінші шетел тілі
  • Шетел тілдері және цифрлық коммуникация
  • 1 шетел тілін оқытудың лингводидактикасы
  • 2 шетел тілін оқытудың лингводидактикасы
  • Кәсіби бағытталған негізгі шетел тілі (С1,С2 деңгейі)
  • Тілдерді оқыту және медиасауаттылық

-

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

Кәсіби қызметтің түрлері

 білімділік;

 оқу-тәрбиелік;

 ғылыми-зерттеулік;

 ұйымдастырма-басқарушылық;

 әлеуметтік-педагогикалық.

Білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін мамандық тізімі

 бастауыш, негізгі және арнайы мектептерде ағылшын тілінің оқытушысы;

 техникалық және кәсіптік оқуорындарындаағылшын тілінің оқытушысы;

 мектепке дейінгі және орта білім беретін орындарда әдіскер.