Ақпараттық технологиялардың математикалық негіздері
Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және бағдарламалау
Оқу практикасы
Объектіге бағытталған бағдарламалау I
Бағдарламаларды әзірлеудің аспаптық құралдары
Веб-бағдарламалау
Операциялық жүйелер
Өндірістік практика
Жүйелік бағдарламалау
Мәліметтер базасын басқару жүйелері
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы және ұйымдастырылуы
Компьютерлік желілер
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдары мен әдістері
Криптография
Дипломалды/өндірістік тәжірибе
Ғылыми зерттеу негіздері
Инклюзияға кіріспе: негіздері мен практикасы
Жасанды интеллект және нейрожелілік технологиялар
Жетілдірілген жасанды интеллект әдістері
Нейрондық желілер инженериясы
Жобаны басқару
Бизнес қосымшаларды бағдарламалау
Объектіге бағытталған бағдарламалау II
Машинаға бағытталған бағдарламалау
Қауіпсіз бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу
Параллельді бағдарламалау негіздері
Мобильді құрылғыларды бағдарламалау
Бұлтты технологияның негіздері
Операциялық жүйелердің қауіпсіздігі
Микропроцессорлық жүйелер мен желілерді жобалау
Деректер базасының қауіпсіздігі
Сараптамалық жүйелер
Электроника
Сандық схема
Желілік қауіпсіздік
IT-инфрақұрылым
Ақпараттық жүйелердің сенімділігі
Ақпарат теориясы
Деректерді өндіру
Ақпараттық қауіпсіздікті бағалау әдістері
Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары мен әдістері
Компьютерлік ақпаратты қорғау технологиялары
Аутентификация, сертификаттау және PKI
Компьютерлік жүйелердің интерфейстері
Ақпараттық қауіпсіздік стандарттары
Ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық және құқықтық әдістері
Компьютерлік ақпаратты қорғау технологиялары
Криптоанализ негіздері
Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
Оқыту нәтижелері және құзыреттер
Бағдарламалық қамтамасыз етуді (БҚ) әзірлеу процестерінің әрекеттеріне талдау жүргізу, БҚ әзірлеу үшін стандарттарды, әдістерді, құрал-саймандарды және бағдарламалау тілдерін таңдауды негіздеу, БҚ-ның жобалық және пайдалану құжаттамасын әзірлеу.
Деректер құрылымдарын оңтайлы таңдау, алгоритмдерді әзірлеу және оларды бағдарламалау тілдерінде (БТ) іске асыру, БҚ бастапқы кодын жөндеу және талдау, есептік құжаттаманы дайындау.
Дерекқорларды (ДҚ) жобалау қағидаттарын, сұраныстарды оңтайландыру әдістерін, ORM-жүйелерін, деректерді көшіру және түрлендіру рәсімдерін қолдану; БҚ жұмысқа қабілеттілігін бағалау, үлгілік дерекқорларды жобалау, дерекқормен жұмыс істеуге арналған функционалдылықты әзірлеу, тиісті ORM-жүйелерін таңдау және пайдалану, дерекқорлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; виртуалдандыру технологиялары мен ресурстарды бірлесіп басқару қағидаттарын түсінетінін көрсету; есептеу және/немесе деректер ресурстары үшін бұлттық инфрақұрылымды пайдаланатын қосымшаны орналастыра білу; тапсырмаларға негізделген декомпозицияны немесе деректер параллелизмінің декомпозициясын қолдана отырып, дұрыс әрі масштабталатын параллель алгоритм әзірлеу; деректерді интеллектуалды талдауды тиімді қолданудың әртүрлі әдіснамаларын бағалай білу.
Компьютерлік жүйелер мен желілердің аппараттық, бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралдарының архитектурасы мен жұмыс істеу қағидаттарын білуін көрсету; бақылау-өлшеу құралдарымен жұмыс істей білу, операциялық жүйелерді конфигурациялау; ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін, ақпараттық қауіпсіздік саясатының негізгі түрлерін, ақпараттық активтерге төнетін тәуекелдерді анықтау әдістерін білуін көрсету; ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің матрицасын құра білу, ақпараттық қауіпсіздік мониторингін жүзеге асыру, желілік құрылғылар мен операциялық жүйелердегі ақаулар мен істен шығулардың салдарын жою.
Телекоммуникациялық жүйелерде деректерді беру және өңдеу кезінде қателерді түзетуге арналған бағдарламалық-аппараттық құралдарды әзірлеу және пайдалану, криптографиялық примитивтерді қолдану және оларға жасалатын шабуылдармен байланысты қауіпсіздік қатерлерін бағалау; бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің өмірлік цикліне қауіпсіздікті енгізу талаптарын және бағдарламалық кодтағы осалдықтарды барынша азайтудың үздік тәжірибелерін білу; бағдарламалық қосымшаның қауіпсіздігін статикалық және динамикалық тексеру мен бағалау қабілетіне ие болу.
Есептеу техникасы құралдарының аппараттық қамтамасыз етуінің жұмысқа қабілеттілігін диагностикалау, ақаулар мен істен шығуларды жою; бақылаулар мен өлшеулер жүргізу, нәтижелерді құжаттау және тиісті түрде рәсімдеу; өлшеу деректерінің маңыздылығы мен теорияға сәйкестігін ескере отырып, оларды түсіндіру және өңдеу.
Кәсіби пәндердің негізгі ұғымдарын меңгеру, техникалық ғылымдар бойынша алған білімдері мен әдістерін кәсіби қызметте пайдалану; ғылыми және кәсіби қызығушылықтарына сәйкес мамандық бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын болу; өз мамандығы бойынша негізгі теориялық және практикалық білімдерді меңгеру; әртүрлі деңгейдегі бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және әзірлеу; өз қызметін ұйымдастыру, кәсіби міндеттерді орындаудың әдістері мен тәсілдерін анықтау және олардың тиімділігін бағалау қабілетіне ие болу.
Кәсіби міндеттерді шешу кезінде математикалық талдаудың, дискретті математиканың, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың, ақпарат теориясының және сандар теориясының тиісті математикалық аппаратын, әдістері мен алгоритмдерін қолдану; есептеу жүйелері мен желілерінің заманауи құрылғыларының жұмысындағы физикалық құбылыстар мен процестер туралы білімін көрсету, физикалық процестерді модельдеу; эксперименттік зерттеулер жүргізу және эксперимент нәтижелерін өңдеу.
ЭЕМ архитектурасын, көппроцессорлы және көпмашиналы есептеу жүйелерін ұйымдастыру қағидаттарын, жүйелік бағдарламалаудың негізгі тұжырымдамаларын білу; заманауи компьютерлердің, жүйелер мен желілердің архитектурасын негіздеу; API-функцияларын пайдаланып бағдарламалар әзірлеу; ұйымның жүйелік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін операциялық жүйелерге енгізілген механизмдерді қолдану, жүйелік әкімшілендіру дағдыларын меңгеру; алгоритмдерді практикалық іске асыру және БҚ бастапқы кодын жөндеу үшін заманауи бағдарламалау орталары мен тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану.
Ғаламдық компьютерлік желілер мен корпоративтік ақпараттық жүйелердегі ақпаратты талдау; ақпаратты алу, іріктеу және өңдеу құралы ретінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру; мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде талдамалық құжаттаманы рәсімдеу және таныстыру; салауатты өмір салты туралы әлеуметтік маңызы бар қағидаттарды ұстану.
Тарихи оқиғалар мен процестерді зерделеу кезінде аналитикалық және аксиологиялық талдау жүргізу; философиялық пікірталастарға қатысу және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын дәлелді түрде қорғау; мемлекет пен құқықтың мәнін түсіну, болашақ кәсіби қызметінің әлеуметтік маңызы бар мақсаттарын тұжырымдау; өзгерістер қарқыны үдей түскен және қазіргі заманғы жағдайлардың сын-қатерлері артқан жағдайда кәсіби қызметінің түрлері мен сипатына психологиялық тұрғыдан дайын болу.
Өз бизнесін құру және дамыту үшін бірлескен талдау, жобалау және шешім қабылдау әдіснамаларын қолдану; еңбек қызметіндегі күрделі жағдайларда шешімдер қабылдау, міндеттерді шешу үшін командалық жұмысты ұйымдастыру; басқарушылық шешімдерді әзірлеу және оларды тәжірибеде іске асыру бойынша ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу; кәсіби іскерлік қарым-қатынастың сөйлеу жағдаятына бағдарлану, ұсынылған іскерлік қарым-қатынас жағдайында коммуникативтік стратегия мен сөйлеу тактикасын анықтау; кәсіби салада креативтілікке және жаңа идеяларды табысты іске асыруға ынталану; өздігінен білім алуға, жалпы интеллектуалдық және мәдени деңгейін жетілдіруге қабілетті болу; сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілік таныту, құқық пен заңды құрметтеу.