КЕАҚ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында «Оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, қалдықтарды басқару саласында студенттердің құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында семинар-тренингтің үшінші блогы өтті.Семинар ЕО Эразмус+ «Магистратура бағдарламасын әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту» «Қалдықтарды басқару» / UnWaste жобасы аясында ұйымдастырылған.Семинарға қатысушыларды университет ректоры Сырлыбаев М.К., Висмар Гуннар Праузе университетінің жоба үйлестірушісі, елдегі үйлестірушісі Кошкин И.В., жергілікті үйлестіруші Құрманбаева А.С., ректордың халықаралық жобаларды басқару жөніндегі кеңесшісі Қақабаев Ә.А., С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің жергілікті үйлестірушісі Сатыбалдиева Г.К. қарсы алды.26-30 маусым аралығында өткен апталықта Көкшетау университетінің оқытушылары жаңа тәсілдер арқылы дәрістер оқып, тренингтер өткізді. Жергілікті үйлестіруші Құрманбаева А.С. микротоптарда жұмыс жүргізді және жұмыс берушілермен, оқытушылармен, студенттермен және магистранттармен қалдықтарды басқару саласындағы студенттердің құзыреттерін талқылады.Ш.Уалиханов атындағы ҚУ оқытушысы Сабитова Д.С. «Интернет не ойлайды? Ғылыми әлемде жалған ақпараттан қорғану жолдары» және «Тұлғаның оқу ортасы: ортақ негіз» тақырыптарында ашық дәріс және тәжірибелік сабақ өткізді.Сондай-ақ семинарға қатысушылар қалдықтарды өңдеу технологиясымен танысу мақсатында АҚ «Көкшетау минералды сулары» және ЖШС «ГорМолЗавод» сияқты кәсіпорындарды аралай алды. Сондай-ақ олар «Болашақ Сарай» Жастар сарайының ғылыми-зерттеу зертханасында болды.Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.