С. Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институті
Директор кабинеті: №226
Қабылдау уақыты:9:00-18:00
Эл. пошта: agrotech@shokan.edu.kz
С. Садвақасов атындағы Агротехникалық институтта профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттары кіретін жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжым қалыптасқан. Бакалаврлар мен магистранттарды даярлауды 89-дан астам штаттық оқытушылар жүзеге асырады, олардың ішінде:
7 оқытушы «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие, ал 7 оқытушы халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері болып табылады.
Оқу процесі 31 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі:
Институтта 1929 студент, 18 магистрант және 10 докторант білім алуда. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Институт түлектері экономика салаларының түрлі бағыттарында сұранысқа ие мамандар болып табылады.
Сапалы оқу процесін қамтамасыз ету үшін заманауи материалдық-техникалық база жасалған. Оқу корпустарында зертханалар мен компьютерлік аудиториялар, LED-экрандармен жабдықталған дәрісханалар, кітапхана, спорттық-сауықтыру кешені және асхана жұмыс істейді. Білім беру процесінде заманауи оқыту технологиялары белсенді қолданылады.
Институт кафедраларының филиалдары Көкшетау қаласы мен аймақтың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында жұмыс істейді. Олардың қатарында:«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «AGRIMER-ASTYK» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС, «SINEGOR-GRAIN» ЖШС, РММ «Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы», «Горсельпроект Көкшетау» ЖШС, «Сәулет-Құрылыс 2010» ЖШС, Көкшетау қ. №10 өрт сөндіру бөлімі, «Көкшетау» МҰТП, «Bolashaq saraiy» КМК, «Smart Aqmola» КММ және басқа ұйымдар бар. Оқу-тәжірибелік мақсатта Зеренді ауданының Васильковка ауылында «Элит» тәжірибелік оқу-ғылыми-өндірістік кешені құрылған.
Институттың оқытушылары мен ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметі ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігінің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы аясында, сондай-ақ аймақтың жетекші кәсіпорындарымен бірлескен келісімшарттық тақырыптар бойынша жүзеге асырылады. Олардың ішінде: «Тыныс» АҚ, «Kazrost Engineering» АҚ, «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Обуховский ГОК» ЖШС және басқалары.