Кафедра тарихы

2000 жылы Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің экономика факультетінде «Экономикалық-математикалық әдістер» кафедрасы құрылды, кафедра меңгерушісі болып ф.-м. ғ. к., доцент Мусабеков Калимулла Султанович тағайындалды. Оның басшылығымен кафедра «Ақпараттық жүйелер (экономикада)», «Ақпараттық жүйелер (Инженерлік қызметте)», «Ақпараттық жүйелер (салалар және қолдану салалары бойынша)», «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандықтары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырды.

2006 жылдың 27 наурызында «Экономикалық-математикалық әдістер» кафедрасы атауы өзгертіліп, «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы деп аталды.

2021 жылдан бастап кафедра С. Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институтының құрамына кірді және қазіргі таңда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы деп аталады.




ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАЛАР

АКТ кафедрасына 5 оқу зертхананалары бекітілген №318, №320, №321, №324, №310, олар заманауи жабдықтармен жабдықталған. Оларға киберқауіпсіздік зертханалары және «ACADEMICA» кіреді.

Ақпараттық-Коммуникациялық Технологиялар Кафедрасы

Білім беру бағдарламалары