Жан Моне модулі «Еуропалық Одақ: мәдени әртүрлілікті және толеранттылықты ілгерілету (EUDIVE)»...
Жан Моне модулі «Еуропалық Одақ: мәдени әртүрлілікті және толеранттылықты ілгерілету (EUDIVE)» аясында негізгі ғылыми нәтижелердің бірі сәтті жүзеге асырылып, ғылыми мақала жарияланды. «Шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытатын болашақ мұғалімдердің мәдени әртүрлілікті қабылдауы: Жан Моне модулі бойынша қорытындылар» атты мақалада ағылшын тілінің болашақ мұғалімдері арасында жүргізілген аралас зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Зерттеуде EUDIVE курсының студенттердің мәдени әртүрлілікті түсінуіне, көпмәдениетті ортаға деген көзқарасына, сондай-ақ Еуропалық Одақ құндылықтары туралы хабардарлығына әсері талданады. Зерттеу нәтижелері студенттердің мәдени әртүрлілікті толеранттылықты, өзара құрметті, инклюзивтілікті және мәдениетаралық түсіністікті қамтитын көпқырлы құбылыс ретінде қарастыратынын көрсетеді.
Gerfanova, E., Ismagulova, A., & Rakisheva, G. (2025). Pre-service English as a foreign language teachers’ perceptions of cultural diversity: insights from a Jean Monnet Module. Bulletin of the Karaganda University Pedagogy Series, 12030(4), 36–47. https://doi.org/10.31489/2025ped4/36-47