Білім беру бағдарламасының шифры

7М01510
Оқыту тілі

Қазақ, Орыс
Оқу деңгейі

Магистратура
Оқу ұзақтығы

2 жыл

  • Қазіргі заман физикасының негізгі принциптері
  • Физиканы оқытудағы инновациялық тәсілдер
  • Физиканың әдіснамасы мен тарихы
  • Жоғары мектепте физиканы оқыту әдістемесі
  • ХХІ ғасырдағы физиканы оқыту принциптері: кванттардан ғарышқа дейін

  • Сызықтық емес жүйелерді зерттеудің жылуфизикалық әдістері
  • Нетрадиционные источники энергии
  • Қазіргі заман физикасының өзекті мәселелері
  • Физика мен астрономияны оқыту мәселелерін талдаудың тұжырымдамалық тәсілі
  • STEM-физиканы оқытудың бағдарланған әдістемесі: мектеп пен университет үшін проблемалар мен перспективалар
  • Физиканы оқытудағы сандық зертханалар мен симуляциялар
  • Эксперименттік зерттеулердің теориялық негіздері мен практикасы
  • Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
  • Жер және планеталар физикасы
  • Жасанды интеллектіні қолдана отырып, космологияға STEM-тәсілдері арқылы көзқарас

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

Н1. Ғылым дамуының тарихи және философиялық негіздерін талдау және олардың ғылыми парадигмалар мен зерттеу әдістерінің қалыптасуына әсерін сыни тұрғыдан бағалау.

Н2. Шет тіліндегі ғылыми ақпараттың дұрыстығы мен маңыздылығын бағалау, өз ұстанымын дәлелдеу және кәсіби терминология мен ғылыми коммуникация дағдылары негізінде іздеу мен талдаудың тиімді стратегияларын әзірлеу.

Н3. Психологиялық және педагогикалық тұжырымдамалар негізінде білім беру процесі мен ұжымды басқарудың инновациялық стратегияларын әзірлеу.

Н4. Физика мен астрономияны оқытудың әдіснамалық мәселелерін талдау. Физиканы оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу және тәжірибеде қолдану.

Н5. Білім берудің әртүрлі деңгейлері үшін STEM-әдістемелерді жобалау, пәнаралық тәсілдерді және заманауи цифрлық технологияларды пайдалану.

Н6. Ғылыми этика және зерттеу қызметінің мәдениеті нормаларын сақтай отырып, дербес және топтық ғылыми зерттеулер жүргізу.

Н7. Оқыту және зерттеу үшін бағдарламалық құралдар, зертханалық симуляторлар көмегімен физикалық процестерді модельдеу.

Н8. Кәсіби қызмет саласындағы зерттеулерді талдау үшін жасанды интеллектті қолдану.