Кафедра тарихы
Ағылшын тілі кафедрасының қызметі 1965 жылдан басталды. Кафедраның негізін қалаушы және алғашқы меңгерушісі ғылым кандидаты, Жданов атындағы ЛМУ түлегі Георгий Исаевич Богин болды. Ол кафедраның қалыптасуы мен кейінгі дамуына үлкен үлес қосқан. Қазіргі уақытта кафедраның атауы Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы болып өзгертілді; кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рыспаева Динара Сәрсембайқызы басқарады.50 жылдан астам уақыт ішінде кафедра Қазақстанда және шетелде табысты жұмыс істейтін көптеген түлектерді шығарды. Кафедраның дамуына 30 жылдан астам жұмыс істеген оқытушылар Еремия Н.Л., Машикова Р. Г., Красникова Л. Н., Миргалиева Т. А., Немченко Н. Ф. және тағы басқалары зор үлес қосты.