Кафедра тарихы

2000 жылы «Педагогика және психология» кафедрасы екіге бөлініп, педагогикалық білім беруге бағытталған екінші кафедра «Әлеуметтік педагогика» кафедрасы қалыптасты.

Осы кезеңде жаңа бөлімнің меңгерушісі болып Л.Ф. Пархоменко, кафедраға оқытушы ретінде Г.Ш.Пазылова, С.К Байздрахманова, Н.А. Чернявская, И.П.Мостицкая, Б.В.Крамаренко, О.З. Кудрявцева, Б.А. Курумбаева, С.М. Алиасқарова қабылданды.

2005 жылы кафедраға оқытушы А.А. Шаяхметова қабылданып, 2014 жылдан бастап әлеуметтік және жасерекшелік педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

2014 жылы кафедра «Әлеуметтік және жасерекшелік педагогика» деп аталды, меңгерушісі Шаяхметова Айсулу Алкешовна. Кафедра базасында инклюзивті білім беру орталығы, TOEFL орталығы, KUTEL халықаралық жобасы аясында Еуропалық ERASMUS+ бағдарламасы бойынша сатып алынған KUTEL бейнестудиясы, Монтессори бағдарламасының элементтері бар ерте дамыту кабинеті және «Балауса» мектепке дейінгі білім беру орталығы ашылды.

Кафедра 4 бакалавриат және 2 магистратура бойынша оқытуды жүзеге асырады:

6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»;

6В01301 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»;

6В01801 «Әлеуметтік педагогика, инклюзивті білім берудің тьюторы»,

6В01802 «Әлеуметтік және ювенальді педагогика»;

7М01201 «Мектепке дейінгі білім берудің педагогикасы»;

7М01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы».

Әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Байланыстар

Телефон нөмірлері

87014190609

87162721957

Кафедраның мекен-жайы
ул. Абая, 76, 3 этаж, 305 кабинет
E-mail

SVP305@shokan.edu.kz